Шығыста биыл жауын өте аз жауды. Тіпті оңтүстік аудандарда ала жаздай бір тамшы тамған жоқ. Шаруалардың айтуынша аймақта қуаңшылықтың кесірінен соңғы үш жылда шабындықтың көбі қурап қалған. Сондықтан малға жем-шөп дайындау оңай болмай тұр.
Төлебек Қабдиев, Көкпекті ауылының тұрғыны:
150 мың теңге тұрады ана сиырың. Ал шөбің 100 мың теңге. Үстіне жем аласың. Сонда сол 150 мың теңге шығады. Малдың ауылда ешқандай пайдасы болмай тұр.
Пайдасы болмаған соң кейбір тұрғындар мал басын азайтуға мәжбүр.Былтыр бір тіркеме шөптің орташа бағасы 100 мың теңге болды. Ал биыл 150 мың теңге дейін көтерілген.
Гүлнұр Ыдырышова, Көкпекті ауылының тұрғыны:
Павлодардан да келді, Бесқарағай ауданынан да келді, сол баға. Өзіміз шөптің үстінде отырып, баға қымбат. Ана жақтан келген бағамен сәйкес келіп тұр. Сонда мынадай мәселе туады. Біздің мына ауданда, мына облыста осы бағалаушы деген болушы еді. Нақты бағаны айтып беретін. Әшейін отырып алады да ойларына келген бағаны шығара салады.
Басқа өңірден шөп тасымалдап саудалап жүргендер болса, бағаға жолдың алыстығы тікелей әсер ететінін алға тартады.
Серік Сәсенов, шөп сатушы:
Мына жерге келгенше жаңағы жүрген жол бар. Сайманы бар. Ішкен-жеген тамағы бар. Қайтқан жол бар. Екі қалтасын ақшаға толтырып әкетіп бара жатқан ешкімді көрмедім. Шөп сатып байып жатырмыз деген ешкім жоқ.
Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағы мамандар шөп пен мал азығының бағасы тікелей нарыққа тәуелді, деп отыр.
Сағидолода сейілханов, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
Былтыр кей жерлерде бағаның өсуі байқалды. Бір рулон шөп 320-325 келі деп есептесек, ол 10000-15000 теңгенің арасында болды. Ал енді бағаның тұрақты болуына жергілікті жердегі аудан әкімдеріне байланысты. Солар кішкене қадағалап отыруы керек болатын.
Жергілікті әкімдіктер тек қадағалағанымен оларда бағаны реттейтін құзырет жоқ. Жем-шөпке мемлекттен субсидия берілсе ғана баға реттелуі мүмкін. Ал шығыстағы 3 миллионнан астам төрт түлікке қыста тек 1 миллион 900 мың тонна шөп дайындалуы қажет.
Олжас Керейхан