«Каспий» ӘКК тиімсіз жобаларды қаржыландырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Каспий» ӘКК тиімсіз жобаларды қаржыландырған

10.08.2022

Маңғыстау облысындағы «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бюджет қаржысын оңды-солды шашып, тиімсіз жобаларды қаржыландырған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыстық департамент басшылары мәлімдеді. Агенттік қызметкерлері акционерлік қоғамның жұмысына талдау жүргізіп бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Ақша бөлінген бірақ, өндіріс жоқ. Корпорация бірнеше жобаны қаржыландырған алайда, олар жүзеге аспай қалды. Мысалы «Полимерлі қаптама өндірісі» жобасына 65 млн теңге бөлінген. Одан бөлек, шикізат өндіруге 12 млн теңге, айналым қаражатын ұлғайтуға 14 млн теңгедей қаржы берілген. Алайда, былтыр іске қосылуы тиіс зауыт сол күйі ашылған жоқ.

Қуаныш Мырзағали, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі департамент басшысының бірінші орынбасары:

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары мен шығындалған бюджет қаражаттары тиісті нәтиже бермеген. Мысалы үшін жер беру мәселелері аукцион арқылы шығару керек еді, не болмаса инвестициялық жобаларға берілетін жер учаскелері инвестициялық емес, коммерциялық жобаларға берілген фактілер анықталды.

Сондай-ақ, «Балық цехы», «Диірмен комбинаты», «Аққу»тұрғын үй құрылысы» жобаларына қатысты да заңсыздықтар анықталды. Корпорациямен жасалған келісімдердің шарттары орындалмаған.

Қуаныш Мырзағали, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің департамент басшысының бірінші орынбасары:

Автобус паркін жаңалауға қатысты жобаларда жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Басқа кәсіпкерлерге дайындалып келіп соңында басқа кәсіпкерлерге берілген. Біз талдау қорытындыларын құзырлы мекемелерге жолдадық соның ішінде бәсекелестікті қорғау департаментіне жолдадық.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің сөзінше, бұл деректер 2020 сыншы жылы және оған дейін болған оқиғалар. Сондықтан сол кездегі басшылардың іс әрекетінде қылмыстық құрам бар ма жоқ па оған құзырлы органдар баға бермек. Айта кетейін, бұл деректерге басқа да мекемелердің қатысы бар.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу