Украина президенті Владимир Зеленский елдегі қарулы қақтығысты Қырымды азат етумен аяқтауға уәде берді. Ол бұл жоспарының қашан жүзеге асатынын айтпаса да, түбекті қайтару «формуласына қажетті компоненттер ұдайы қосылып» жатқанын атап өтті.
1 адам қаза тауып, 14-і жараланды
Сейсенбіде Қырымның Сақ ауданында бірнеше жарылыс болды. «Вашингтон пост» газеті Киевтегі үкімет өкіліне сілтеме жасап хабарлағандай, бұл оқиғалар - Украина арнайы күштері жүргізген операцияның нәтижесі. Соңғы мәліметке қарағанда, 1 адам қаза тауып, 14-і жараланған және 60 көпқабатты үй мен 20 коммерциялық нысан зақымданды. Жарылыстар Ресей әуе-ғарыш күштерінің аэродромында болғандықтан, 9 әскери ұшақ жойылды деген ақпарат тарады. Ал, Мәскеудің мәлімдеуінше, өрт пен алапат дүмпулерге қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп.
Арыстан Рысбек