Бір тәулікте 1651 адамнан індет анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте 1651 адамнан індет анықталды

11.08.2022

Өткен тәулікте 1651 адамнан коронавирус анықталды. Антирейтингке көз жүгіртсек Нұр-Сұлтан қаласында 370, Алматы қаласында 185 және Қарағанды облысында 191 адам COVID-19 індетін жұқтырған. Бұл жөнінде үкімет жанындағы коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссия мәлімдеді. Осылайша Қазақстанда індет жұқтырғандардың жалпы саны 1 372 634 адамға жетті. Ал өткен тәулікте 2458 адам коронавирустан жазылып шықты.


Хабарламаларға жазылу