Елордада Рубиктің текшесін жинаудан Азия чемпионаты басталды. Оған 13 елден 116 шебер жасөспірім қатысуға келген. Әрқайсысы өздерінің туған елдерінде текшені құрастырудан рекорд жаңартқан. Енді осы екі-үш күнде интеллектуалды жарыстың мықтылары жылдамдылық пен төзімділіктен бақ сынайды. Қазақстанда бұл турнир 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Пандемиядан кейін сайысқа деген қызығушылық артты. Жалпы текшелерін оңды-солға бұрып, бір түске жинауға бірнеше секунд қана кетеді дейді қатысушылар. Жұмулы көзбен де кубик жинаудан жарыс өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Рубик текшесін жинаудан Азия чемпионаты басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/162151/)