Бүгін Алматыда Хайдар Арыстанбековтің тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
Мемлекет және қоғам қайраткері Хайдар Арыстанбеков 1919 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Абай ауылында дүниеге келген.
1941 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 1945 жылы Мәскеу жоғары партия мектебін тәмамдады. 1963-1981 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ректоры қызметін атқарды.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға, білікті мамандар даярлауға үлес қосты.
Оның негізгі ғылыми еңбектері орман қорын қорғау, оны тиімді пайдалану мәселелерін зерттеуге арналды.
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:
Ағамыздың ұстаз ретінде сіңірген еңбегі ешқашанда ұмытылмайды. Бүгінгі шарада ұстаздары, бірге қызметтес болған ағаларымыз отыр. Ол кісі ылғи да біздің есімізде.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ