Қарттар үйінің басшылары қаржы жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттар үйінің басшылары қаржы жымқырған

11.08.2022

Қарттар үйінің басшылары ғимараттың шатырын жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған. Олар 7,5 миллион теңгені қолды қылған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Бұл факт агенттіктің Шығыс Қазақстандағы департаментінің «Qamqor» жедел – алдын алу іс шаралары кезінде анықталды. Күдіктілер «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» шатырын жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне жалған мәліметтер енгізген. Құзырлы органдар тергеуді бастады.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғалардың 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы мамыр аралығында орындаған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу