Маңғыстау облысында теңіз жаяу әскерлері Каспийде БТР-мен жүзуге машықтанып жатыр. 100-ден астам жауынгер бұған дейін арнайы дайындықтан өткен. Десе де арнайы әскери тапсырмаларды орындау кезінде әр экипаждың іс-әрекеті қатаң бақылануы тиіс. Олардың қауіпсіздігін жүрдек катердегі жүзгіштер командасы қамтамасыз етпек. Әскери жаттығулар 8 күнге созылады
Нұрдос Болатқазин, №25744 Теңіз жаяу әскерлері бригадасының механик-жүргізушісі:
Бүгін бұрын тек құрлықта ғана жүрген БТР-82 бронды транспортері теңіз бетімен жүзуге шықты. Біз осылайша өзіміздің нағыз теңіз жаяу әскері екенімізді дәлелдейміз. Ешқандай қорқынышсыз теңіз бетіне шығып отырмыз. Өзіміздің елімізді қорғауға әрқашан дайынбыз.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда әскерилер теңізде жүзуге машықтанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/162193/)