Оңтүстік Кореяда «Samsung» вице-президентіне рақымшылық жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда «Samsung» вице-президентіне рақымшылық жарияланды

12.08.2022

Samsung Electronics компаниясының пара үшін сотталған вице-президенті Джей Ю Лиге Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёл бүгін рақымшылық жариялады. Содан кейін Ли мәлімдеме жасап, ұлттық экономика үшін аянбай еңбек етуге уәде берді.

Таңертең елдің Әділет министрлігі президенттің рақымшылығы «экономикалық дағдарысты» еңсеруге көмектесу үшін қажет екенін атап өткен еді.

Ли смартфондар мен микросхемалар шығаратын әлемдегі ең ірі компанияны басқарған уақытта пара алғаны үшін 18 айға сотталды. Кейін ол мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босатылды. Сондықтан, бүгінгі рақымшылық символикалық мәнге ие.

Сарапшылар Ли жазасын өтеген соң ірі жобалар мен инвестициялар бойынша маңызды шешімдер қабылдайды деген болжам айтып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу