Ермек Сағымбаев ұлттық қауіпсіздік органдарында жүргізіліп жатқан жүйелі трансформациялар мен жұмыстың негізгі нәтижелері туралы баяндады. Терроризмге қарсы орталықтың жұмысы қайта құрылып, лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл күшейтілгенін атап өтті. Мемлекеттік шекараны қорғауды ұйымдастыру мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі міндеттердің атқарылуын жеткізді.
Мемлекет басшысы ҰҚК органдары қызметінің бағыттары бойынша өзекті сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, бірқатар нақты тапсырма берді.