Мысырдың Гиза қаласында алапат өрт құрбандарының саны 41-ге жетті. Қаза тапқандардың ішінде 3 жастан 16-ға дейінгі 18 бала бар. Тағы 45 адам жараланған.
Айта кетсек, Имбада ауданындағы Копт христиандарының шіркеуіне 5 мың адам өсиет тыңдауға жиналғанда электр генераторы лап ете қалып, жарылған және шығатын есікті от бөгеген. Осы кезде мінәжат етушілер жанталаса сыртқа ұмтылғанда аяқ астында талай адам қалып қойды.
Президент Әбдел Фаттах әс-Сиси қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтып, армияға шіркеуді қалпына келтіруге бұйрық берді. Ал, прокуратура өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына топ жіберген.
Копт христиандары Египеттің 103 миллион халқының кем дегенде 10 миллионын құрайды. Олар кемсітушілікке ұшырап, Мысырдың қоғамдық өмірінде аз рөл ойнатындарына жиі шағымданады.
Арыстан Рысбек