Баспанаға сұраныс 40 пайызға азайғанына қарамастан, бағасы қайта өсіп жатыр. Құрылыс саласы одағының өкілдері бұған құрылыс заттарының қымбаттауы себеп дейді. Сонымен бірге пандемиядан кейін экономиканың қайта қалпына келуі, зейнетақы жарнасының бір бөлігін алу мүмкіндігі нарықта үйдің қымбаттауына әсер етпей қоймады. Мамандар баспана бағасының шарықтауына жол бермеу үшін ұзақ мерзімге арналған экономикалық саясат құруды ұсынды. Әрі мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғын үй салуды қарқынды жүргізу керек деп санайды. Статистикаға үңілсек, былтыр шілдемен салыстырғанда жаңа үйлер 19 пайызға, нарықта бұрыннан бар баспана 26 пайызға қымбаттаған. Демек былтыр шаршы метрі 362 мың теңгеге сатылған пәтердің орташа құны қазір 469 мың теңгеден асады. Ал жалға алу бағасы шаршы метрі үшін 3800 теңгеге қымбаттаған.
Ақерке Бектас