Алматыда «Вагонсервис» филиалының басшысы қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Вагонсервис» филиалының басшысы қамауға алынды

16.08.2022

Ол алаяқтық жолмен кәсіпкерлерден 200 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментінің хабарлауынша, күдікті жарамсыз вагондарды жеткізу қызметі үшін ақша алып отырған. Филиал басшысы сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Басқа ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жарияланбады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу