АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы төңірегінен полиомиелит табылды. Вирус ағын судан анықталған. Осыған орай қаланың денсаулық сақтау департаменті тұрғындарды індетке қарсы екпе алуға үндеді. Бұл мақсатта арнайы вакцина клиникалары ашылды.
Айта кетейік, шілде айының соңында АҚШ-та бір адамнан он жылда алғаш рет осы қауіпті вирус табылған еді. Полиомиелит тұрғындар арасында тез тарап жатыр ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Мұны елдің ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы мәлімдеді. Бір өкініштісі, аталған індеттің емі жоқ. Екпе алу арқылы ғана аурудың алдын алуға болады.