Елордада 500-ге жуық көлікті заңсыз тіркегендер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 500-ге жуық көлікті заңсыз тіркегендер ұсталды

16.08.2022

500-ге жуық шетелдік көлікті заңсыз тіркеп келген. Осындай күдікпен елордадағы №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы және Алматы облысы бойынша Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторы ұсталды. Олар жүйелі түрде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген темір тұлпарларды тіркеген. Және ол үшін бюджетке түсуі тиіс төлемдер түспеген. Екеуі де бұл «қызметі» үшін қомақты ақшалай сыйақы алып келген. Тиісті тергеу-тексеру амалдары басталды. Бұл іске қатысы бар болуы мүмкін қызметкерлер әлі де тексеріліп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу