Қазақстан азаматтары Түркиядан 1607 пәтер сатып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматтары Түркиядан 1607 пәтер сатып алған

16.08.2022

Түркиядан үй сатып алған Қазақстан азаматтарының саны биыл да артты. Әсіресе жаз маусымында шет мемлекеттен пәтер сатып алған отандастарымыз көбейген. Бұл туралы Түркия жер кадастры басқармасының бүгін жариялаған есебінде жазылған. Азаматтар биыл 1600-ден аса тұрғын үй сатып алған. Маусымда 318 пәтер, шілдеде 190 үй саудаланған. Тіпті Түркияның ең көп пәтер алатын шетелдіктер тізімінде біздің ел биыл алтыншы орыннан төртіншіге көтерілді. Қазақстаннан бөлек, Ресей, Иран, Ирак, Германия азаматтарынан да бауырлас елдегі тұрғын үйге сұраныс жоғары.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу