Елде екі жылдан соң газ тапшылығы туындауы мүмкін. Осындай болжам жасаған сарапшылар ішкі нарықта көгілдір отынға сұраныс артқанын айтады. 2015 жылдан бері газ тұтыну көлемі 7 млрд текше метрге дейін жеткен.
ОПЕК дерегіне сүйенсек, еліміз газ қоры бойынша әлемде 19-шы орында тұр. Дегенмен өзімізде өндірілетін газдың жартысына да жетпейтін мөлшерін халық тұтынса, көбі экспортқа шығарылады. Energyprom елде шамамен 8 млн адамның газ орнына көмір тұтынатынын жазған. Бұған инфрақұрылымға қатысты кедергілер себеп. Бұған дейін Президент де тіпті келер жылы газ тапшылығы туындайтынын мәлімдеген еді. Мемлекет басшысы проблеманы шешу үшін ресурстық базаны ұлғайтып, газды қайта өңдеуге басымдық беруді тапсырған.
Ақерке Бектас