Елде коронавирус жұқтыру дерегі қайтадан көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде коронавирус жұқтыру дерегі қайтадан көбейді

17.08.2022

Өткен тәулікте індет 1104 адамнан анықталды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 315-ке артық. Антирейтинг басында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Батыс Қазақстан облысы тұр. Осылайша, пандемия басталғалы COVID-19-бен 1 миллион 379 мың қазақстандық ауырған. Науқастардың 95 пайызы жазылып шықты. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша 22 мыңнан аса адам емделіп жатыр. 1 мыңнан астам науқас ауруханада. 33 адамның жағдайы ауыр. Қазір республиканың барлық аймағы бағалау матрицасының «жасыл» аймағында. Былтырдан бері инфекцияға қарсы екпенің бірінші дозасын 10 миллион 811 мың адам салдырған. Ал екінші компонентті 10 миилион 546 мың тұрғын ектірген. Оның ішінде вакциналаудың толық курсын 857 367 жасөспірім, 41 584 жүкті әйел, 145 357 бала емізетін әйел бар.

Хабарламаларға жазылу