Ресей кеше болған жарылыстарды «қаскүнемдік» деп атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей кеше болған жарылыстарды «қаскүнемдік» деп атады

17.08.2022

Украина президенті Владимир Зеленский Қырым тұрғындарын ресейлік әскери нысандарға жақындамауға шақырды. Өйткені оларда тағы да жарылыс болуы мүмкін. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі Джанкой ауданы Майское ауылы маңындағы қару-жарақ қоймасында кеше болған жарылыстарды «қаскүнемдік» деп атады. Сол оқиғаларға байланысты Қырымда пойыздар тоқтады. Өйткені теміржол зақымданған. Сонымен қатар мұнда электр станциясы істен шығып, үйлер қирап, база маңынан 2 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал өткен аптада Қырымдағы Ресейдің «Саки» аэродромында болған бірнеше жарылыстан 11 әскери ұшақ жойылғаны белгілі.

Хабарламаларға жазылу