Португалиядағы орман өртінің түтіні Испания астанасы Мадридке жетті. Ал Испанияның өзінде лапылдаған жалын шарпыған аумақтың көлемі 10 мың гектардан асып кеткен. Соңғы мәліметке қарағанда, Валенсия аймағында тілсіз жаумен күрес жалғасып, 11 ауылдан мың жарымдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл өңірде жасыл желектер тамыздың 14-де кешкісін найзағай түскеннен кейін жана бастады. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.