Дәрігер нұсқауынсыз препараттар сатқан кәсіпкер жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігер нұсқауынсыз препараттар сатқан кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

17.08.2022

Елордадағы кейбір дәріханалар, есірткіге тәуелді адамдар мен жасөспірімдерге қатты әсер ететін медициналық препараттарды рецептісіз сатып келген. Заңды бұзған осындай бір кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен дәріхана қызметі 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Дәрігердің нұсқауынсыз сатқан тағы бір дәріханаға 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері осыған ұқсас 7 фактіні тіркеді.

Есірткі және психобелсенді заттарды сақтау, өткізу, дәрілік препараттарды дәрігердің рұқсатынсыз жіберу фактілеріне куә болсаңыз, «102» желісіне қоңырау шалуға болады.

Хабарламаларға жазылу