Қытайда соңғы тәулікте 566 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда соңғы тәулікте 566 адам коронавирус жұқтырды

17.08.2022

Қытайдың материктік бөлігінде соңғы тәулікте 566 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 71-і – шетелден оралған азаматтар. Мұны елдің денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссиясы хабарлады.

Ковид жұқтырған адамдар Хайнань, Шэньси, Гуандун, Фуцзянь, Сычуань провинциясында тіркелді.

Бүгінде Қытайда миллиондаған адам әлі карантин режимінде өмір сүріп жатыр. Оларға үйден ұзап шығуына тыйым салынған. Локдаун қатарында батыстағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағы Ақсу ауданына қарасты үш қаланың тұрғындары да бар.

Авторы: Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу