Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады. Берік Әбдіғалиұлы аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар жобасын ұсынды. Ұлытау өңірінің экономикасын әртараптандыруға бағытталған маңызды құжат Президенттің Ұлытау облысына жасаған сапарының қорытындылары негізінде әзірленген. 240-тан астам іс-шараны қамтиды. Олар әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамытуды және өңірдегі ең өзекті мәселелерді шешуді көздейді. Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді жоспарды мақұлдап, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп орындауды тапсырды.
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі:
Мемлекет басшысы қолдау көрсетті. Болашақта осы қордаланған мәселелерді халықтың көтеріп жүрген мәселелерін өз уақытымен, рет-ретімен шешуге тапсырма үкіметке берілді.