Еліміздің жеті облысында бала құқықтары жөніндегі омбудсмен тағайындалды. Олардың арасында үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері мен заңгерлер бар. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше арнайы уәкілдер барлық өңірде болады. Олар баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштер мен шағымдарды қарайды. Сондай-ақ қоғам белсенділері балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын жетілдіруге қатысады. Аймақтағы омбудсмендерді облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері тағайындайды.
Сәбит Әлдебай