Құрық порты еркін экономикалық аймақтар тізіміне қосылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрық порты еркін экономикалық аймақтар тізіміне қосылуы мүмкін

18.08.2022

Бұл өзгеріс айлақтың әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазір мұнда 150 адам тұрақты еңбек етеді. Биыл жүк тасымалы 2,5 есеге артқан. Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған сенаторлар порт жұмысымен танысты. Бұдан кейін Құрық ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиында «Құрық-Жетібай» тасжолының құрылысын жеделдету мен аудандағы жұмыссыздық мәселесі көтерілді.

Серікбай Тұрымов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Ақтау және Құрық портын еркін экономикалық аймаққа енгізу жөнінде министрліктермен біраз жұмыстарды жасаған. Яғни барлық тиісті құжатын берді. Мұны Үкімет қарап жатыр. Біз де Парламент деңгейінде әрі қарай еркін аймаққа енгізу жөнінде ұсыныстарымызды беріп, бір бағыттан көмектесеміз.

Хабарламаларға жазылу