Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

18.08.2022

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті. Компанияның Қазақстандағы қызметі ішкі нарыққа тауар және сұйытылған газ жеткізу, Теңіз бен Қарашығанақ кен орындарында бірлескен жобаларды іске асыру жайы талқыланды. Президент тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» компаниясына тауарлы газдың қосымша көлемін сату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді,-деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар, Әлихан Смайылов «Шеврон»-ның 248 млн долларға тікелей инвестиция қорын құру бойынша жүргізген жұмысын атап өтті. Қор жұмысы аясында отандық инвестициялық жобалар іске аспақ.  

Хабарламаларға жазылу