Қостанайда бюджеттен 484 млн теңге жымқырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда бюджеттен 484 млн теңге жымқырылды

19.08.2022

Қостанайда мемелекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге жымқырылды. Қаражат шаруа қожалықтарына субсидия ретінде күн қуатын пайдаланып, құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтарды алуға бөлінді. Сот үш айыпталушыны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім заңды күшіне енді. Нәтижесінде іске қатысы бар бір адам бес жылға, қалғандары алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Хабарламаларға жазылу