Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында жыл басынан бері 1400-ге жуық әйелге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ал былтыр 6 айда аталмыш жәрдемақыны 2500 әйел алған. Яғни өткен жылмен салыстырғанда табысы төмен отбасылардың қатары азайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары жергілікті жұмыспен қамту орталығына барғанында айтылды. Орталық еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар жұмыс берушілер жетім балалар, мүгедектігі бар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамту квотасын орындайды.
Берік Бекжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жалпы, Шымкент қаласында оң өзгерістер бар. Әсіресе, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың саны азайып жатыр. Тиісті мемлекеттік органдар бүгінгі таңда тығыз халықпен жасауда. Оқып үйреніп әрі қарай грант алу мәселесіне дейін жүйелі жұмыс жасалған.