Алматыда білім берудегі инновациялық технологиялардың маңызы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда білім берудегі инновациялық технологиялардың маңызы талқыланды

19.08.2022

Білім берудегі инновациялық технологиялардың маңызы. Бұл тақырып Алматыда өткен ғылыми конференцияда талқыланды. Оған еліміздің әр өңірінен 150-ден аса ұстаз қатысты.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлары мен ғылыми зерттеу институттарының қызметкерлері өз ойын ортаға салды. Ал Шотландия, Америка және Австралия ғалымдары өз тәжірибесімен онлайн форматта бөлісті. Олар еліндегі инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері мен кемшіліктерін айтып берді. Жиынның қорытындысы бойынша арнайы ғылыми жинақ топтастырылып, кітапханаларға таратылады. Шараның негізгі мақсаты - оқытушыларды жаңа оқу жылына даярлау, кәсіби шеберліктерін шыңдау.

Нұрболат Нышанбаев, PHD доктор:

Қолданбалы ғылыми-зерттеу әдістерін мектеп мұғалімдерінің арасында кеңінен тарату. Сол арқылы оқушыларымыздың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. Халықаралық олимпиадаларда үлкен жүлдеге деген, ғылыми ізденіске деген мүмкіндіктеріне қосымша кеңес беру.


Хабарламаларға жазылу