Бұл оның алдындағы апта көрсеткішінен 24 пайызға төмен. Мұны Женевада өткен баспасөз маслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді. Оның дерегінше, ковидке шалдығу фактілерінің азайғаны бүкіл әлемде байқалып отыр. Дегенмен ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресейде өткен тәулікте 36 мыңға жуық адамнан коронавирус табылды. Бұл наурыздың 16-нан бергі ең жоғары көрсеткіш. Гебрейесустың өзге бір мәліметінше, осы аурудан қайтыс болғандар Оңтүстік Азияда 12 пайызға, Тынық мұхиттың батысында 31 пайызға көбейіп отыр.