Бұл мешіттің салынуы Қытайға саудамен келген мұсылман көпестердің тұрақтануына бірден-бір себеп болды.
Кезінде ауданы 1 мың шаршы метрге жуық мешіт бүгінде 13 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Мұнда күн сайын мыңнан екі мыңға дейін, ал жұма немесе діни мереке күні он мыңға жуық жамағат жиналады.
Мешіттің негізгі намазханасы бір шеге де қақпай, ағаштан қиюластырып жасалған.
Сыртқы пішіні қытайлық үлгіде салынса, іші мұсылманша. Әдеттегідей, қатар-қатар төселген намаз кілемдері, имам мінбері бар.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ