Еліміздің мұнайын Еуропаға экспортқа шығаратын Новоросийскідегі Каспий құбыр консорциумының екі құрылғысы жұмысын тағы тоқтатты. Ресми сайтта бұған су астындағы қондырғылардың шытынап кетуі себеп делінген. Үш құрылғының екеуі істен шыққан соң, сәйкесінше қара алтын экспорты үш есе баяу жүріп жатыр. Құбыр жұмысы қашан қалпына келтірілетіні әзірге белгісіз.
Досжан Маратұлы