Жасы 67-де. Жасылдай орып, жертөлеге тыққан марихуананың жалпы салмағы – 33 келі. Одан бөлек, 3,5 келіге жуық гашиш табылды. Егде адамның мұнша есірткіні не үшін жинағанын полиция анықтап жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті бірден қамауға алынды. Жыл басынан бері өңірде есірткінің заңсыз бизнесіне қатысты 100-ден аса дерек анықталды.