Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевский еліміздің Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Онда министрдің орынбасары Елшіге 21-тамызда қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірді. Кездесуде Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы айтты.