Еуро бір пайызға арзандады. Бұл 20 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Еуро бағамы АҚШ долларының қасында әлі де төмендеуі мүмкін дейді экономистер. Еуропа елдерінің экономикасына Украинадағы қарулы қақтығыс, инфляция, энергия тапшылығы, табиғи газдың қымбаттауы әсер етіп отыр.
Апта басында Ресей Еуропаға көгілдір газ тасымалдауды үш күнге тоқтататыны мәлім болды. Бұл жаңалықтан кейін Еуропа елдерінде бір мың текше метр көгілдір отынның бағасы 2 мың 700 долларға жетті. Бұл жағдайлардан кейін инвесторларда еуроаймақ экономикасына қатысты пессимистік пікір қалыптасқан.