Вашингтон Украинаға 3 млрд доллар береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон Украинаға 3 млрд доллар береді

25.08.2022

АҚШ президенті Джо Байден Киевке тағы 3 миллиард доллардың көмегі берілетінін айтты. Бұл Ресей армиясы басып кіргелі Украинаға жіберілетін ең ірі қауіпсіздік траншы.

Құрама Штаттардағы қорғаныс министрлігінің өкілі Колин Кальдың мәлімдеуінше, жаңа жәрдемнің мақсаты – Украинаның тәуелсіздігін қорғау үшін оның қорғанысын нығайту. Сонымен қатар Каль бұл қару-жарақтың Украинаға алдағы бірнеше айда жеткізіле бастайтынын және осы үрдістің жылдарға созылатынын атап өтті.

Кезекті пакетке ракеталық жүйелер, артиллерияға қарсы радарлар, «Пума» дрондары мен дрондарға қарсы «Вампир» жүйесі кіреді. 2021 жылдан бері АҚШ-тың Украинаға ұсынған әскери көмегінің көлемі 13 жарым миллиард долларға жетті.


Хабарламаларға жазылу