Сыр өңірінде газ мамандары оқу-жаттығу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде газ мамандары оқу-жаттығу өткізді

25.08.2022

«QazaqGaz» акционерлік қоғамы биыл өзіне қарасты өндіріс орындарында «Қауіпсіз еңбек-2022» жылы деп жариялаған. Осыған орай, Сыр өңіріндегі ең қуатты «Қараөзек» компрессорлық станицясында «Интергаз Орталық Азия» мамандары арнайы құрылымдармен бірлесіп, төтенше жағдайға қарсы даярлығын пысықтады.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ-құбыры магистралін жалғайтын станциядан ахау шықты. Дабылды ести сала әр бригада апатты жою бойынша шұғыл іс-әрекетке көшіп, өрт сөндірушілер жалынмен арпалысса, жарақат алған екі адам эвакуцияланып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұл жәй оқу-жаттығу болса да, мамандар тез шешім қабылдап, асқан қырағылық танытты.

Жоспар бойынша одан кейін апат орнын қайта қалыпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Мамандар диаметрі 1000 миллиметрлік алып құбырды жалғап, көп ұзамай магистраль арқылы газ тасымалдау процесі іске қосылды. Жалпы қуатты станцияда мұндай оқу-жаттығу алғаш рет өтіп отыр.

Әуезхан Уромбаев, «Интергаз орталық азия» АҚ техникалық директоры:

Біздің мамандардың іс-қимылдарының бәрі ойдағыдай болып өткеніне бәріміздің көзіміз жетіп отыр. Бұл жерде біздің мамандар өздерінің теориялық білімдерін тәжірибеде қолданып, сол негізгі мақсаттар орындалды бәріміз соған куә болып отырмыз.

Бүгінде «Қараөзек» компрессорлық станциясында вахталық әдіспен бір ауысымда 24 адам еңбек етеді. Нысан заман талабына сай қауіпсіздік қондырғыларымен жабдықталып, газ құбырларын бақылау толықтай автоматтандырылған.

Кеңес Ембергенов, «Қараөзек» компрессорлық станциясының басшысы:

Бұл компрессорлық станцияда газдың қысымын көтеретін үш агрегат бар. Әр қайсысының қуаты 15 мВт қазір жаздың күндері бір агрегат жұмыс жасап тұр. Екі агрегат резервте тұрады.

Иә, апат айтып келмейді. «Сақтансаң сақтайды» деген ұранды ұстанған «Интергаз Орталық Азия» компаниясы төтенше жағдайға қарсы оқу-жаттығу шараларын жыл сайын өткізуді жоспарлауда.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу