Халықаралық органның соңғы баяндамасына көз жүгіртсек, вирус Еуропада бәсеңдей бастаған. Бұған денсаулық сақтау шараларының тиімділігі, вакцина алу ықпал етіп отыр. Ал Латын Америкасында
вирустан сақтану шараларының дұрыс қолға алынбауы мен екпенің жетіспеуінен маймыл шешегінің таралуы басылған жоқ. Жалпы, шілдеде өрши бастаған шешекті әлемнің 96 елінде 41 мың адам жұқтырған. 12 адам қайтыс болды.