42 жастағы павлодарлық жанып жатқан көліктен төрт адамды құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42 жастағы павлодарлық жанып жатқан көліктен төрт адамды құтқарды

31.08.2022

Оқиға Шарбақты ауданы, Маралды ауылы маңында болған. Камаз тіркемесіне соғылған Audi көлігі лапылдап жана бастаған. Айналада адамдар бола тұра олардың бірде-бірі көліктегілерді алып шығуға батпаған. Тек темір жол станциясының жұмыскері Еркебұлан Жүзбаев көлік ішіндегі жолаушыларды шығаруға көмектескен. Бір өзі екі адамды алып шыққан. Ал басқа екеуін құтқаруға куәгерлердің бірі көмектескен.

Іле жалын газ толтырылған бакке тиіп автөкөлік жарылған. Ажалға араша түскен Еркебұланға қолқабыс берген екінші азаматтың кім екені әзірге белгісіз. Полиция іздеп жатыр. Себебі жұртшылық құтқарушыларды марапатқа ұсыну туралы бастама көтерді.

Хабарламаларға жазылу