Жетісайда өртенген базардан келген шығын 8 млрд теңгеге жуықтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісайда өртенген базардан келген шығын 8 млрд теңгеге жуықтайды

01.09.2022

Мұны саудагерлер айтып отыр. 613 азамат тауарынан айырылған. Арнайы құрылған комиссия 1100-ден аса дүңгіршек пен сауда нүктесі жанып кеткенін растады. Шығынды есептеу әлі де жалғасып жатыр. Қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу басталып, өрт-техникалық және сот құрылыс сараптамалары жүргізілді. Базарды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған. Оған Мақтарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт аудандарынан бригадалар келіп көмек беріп жатыр.

Мұрат Қадырбек, Жетісай ауданының әкімі:

Күндіз де, түнде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ертеңге дейін мына аумақты өрттің қалдықтарынан тазалау жоспарлануда. Одан кейін осы жерде орындарын тегістеу жұмыстары жүргізіледі. Және де сауда орындарын қалпына келтіреміз деп жоспарлап отырмыз. Бас-аяғы үш аптаға жетпей бітіруге тырысамыз.

Хабарламаларға жазылу