Дипломатиялық миссиялардың өкілдері мен шетелдік қонақтар биылғы Жолдаудың басым бағыттары негізінен бұхара халық үшін жасалған дейді. Ең бастысы, Жолдауда халықтың мүдделері мен талаптары ескерілген. Шетелдік сарапшылардың пікрініше, бүгінгі Жолдауда дамыған мемлекет пен білікті қоғамды қайта құруға батыл қадам жасалып отыр.
Рубем Корреа Барбоза, Бразилияның Қазақстандағы елшісі:
Демократиялық қоғамды құру оңай емес екенін мен жақсы білемін. Ол үшін Қазақстан Президенті құрметтелуге әбден лайықты. Әрине, күзде кезектен тыс президенттік сайлау өтетіндігі де мен үшін күтпеген жаңалық болды. Бұл жаңа кезеңге жасалған батыл қадам деп есептеймін.
Джуди Куо, АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі:
Біз Қазақстан Президенті ұсынған реформаларды толығымен қолдаймыз және олардың орындалатынына сенімдіміз. Күзде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. АҚШ өз тарапынан реформаларды жүзеге асыру үшін мол тәжірибесін бөлісуге қашан да дайын.