Президент қаңтар оқиғасы қатысушыларына бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қаңтар оқиғасы қатысушыларына бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдады

01.09.2022

Жолдаудағы бесінші бағдар заң мен тәртіпті рететуге бағытталып отыр. Әуелі судьялар корпусын жаңарту және қайта іріктеу көзделіп отыр. Алдымен судьялардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыру, сот төрелігінің қолжетімді болуын кеңейту, мемлекеттің сот процесіне қатысуын кеңейту жоспары тұр. Құқық қорғау органдарын реформалау үшін ең алдымен жазаны қатайту және адам өлтіру, қарақшылық сияқты ауыр қылмыстар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды доғару тапсырылды. Бұдан былай отбасылық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейеді. Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілмек. Президент сондай-ақ қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстерді мұқият саралауды тапсырды. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы түзету құзыреті Әділет министрлігіне беріледі. Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасы қатысушыларына бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдады. Ал қаза болған азаматтардың ішінде жағдайы төмен жанұяларға материалдық көмек берілмек. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу