Президент игерілмей жатқан 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруды міндеттеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент игерілмей жатқан 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруды міндеттеді

02.09.2022

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығына арналған жерлер туралы толық ақпараттың жоқтығына тоқталды. Әр жерде шашылып жатқан деректерді жинақтап, бірыңғай база құру арқылы бұл олқылықты жоюды тапсырды. Сонымен қатар жыл соңына дейін игерілмей жатқан 5 миллион гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруды міндеттеді. Мәжіліс депутаты бұл ел экономикасына мультипликативті әсер ететінін айтты.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Кеше елмен кездесуге барған кезде ең бірінші айтып отырған мәселенің бірі – жұмыссыздық. Халық әбден шаршаған. Жұмыс таба алмайды. Бәрі бірдей мұнай компанияларына орналаса алмайды. Мемлекет жерін беріп, жеңілдетілген несие беретін болсақ, онда ол диқаншылықпен айналысады, мал шаруашылығымен айналысады, шабындықпен айналысады. Көптеген игерілмей жатқан жерлерді экономикалық айналымға түсіріп, мемлекетке де пайда келтіреді, халық өзі де пайда келтіреді. Азық-түлік мәселесін де шешер едік.

Хабарламаларға жазылу