Шетелдік сарапшы: 100 мыңдай жастың жұмыспен қамтылатыны - дұрыс шешім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік сарапшы: 100 мыңдай жастың жұмыспен қамтылатыны - дұрыс шешім

02.09.2022

Дипломатиялық миссиялардың өкілдері мен шетелдік қонақтар биылғы Жолдаудың басым бағыттары негізінен бұхара халық үшін жасалған дейді. Ең бастысы, Жолдауда халықтың мүдделері мен талаптары ескерілген. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, Жолдауда дамыған мемлекет пен білікті қоғамды қайта құруға батыл қадам жасалып отыр.

Томас Суози, АҚШ конгрессмені:

Жолдауда көрсетілген шаралар шынымен батыл екенін көріп отырмыз. Кезектен тыс Президенттік сайлау туралы шешімі де халыққа үлкен серпіліс берді. Барша азаматтар Қазақстан Президентінің саяси-әлеуметтік реформаларын қолдайтынына мен кәміл сенемін.

Алан Хэмсон, Канаданың Қазақстандағы төтенше және Өкілетті елшісі:

Қазақстан Үкіметі инвестицияларды тартуға молынан мүмкіндік жасайды. Ол үшін қолайлы тетіктер құрып, салық заңнамасын жеңілдетуді көздейді. Әрине, шетелдік инвестиция өсудің маңызды бөлігі екені рас. Ал, халықтың жұмыс орындарын құруға деген сұранысын қанағаттандыру үшін өсім қажет. Келер жылы 100 мыңдай жас жұмыспен қамтылатыны туралы айтылды. Бұл өте дұрыс шешім.


Хабарламаларға жазылу