Қытай: Карантиндік шектеу енгізілетіні туралы ақпараттан соң мұнай арзандаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай: Карантиндік шектеу енгізілетіні туралы ақпараттан соң мұнай арзандаған

02.09.2022

Қытайда жаңа карантиндік шектеу енгізілетіні туралы ақпараттан соң мұнай аздап арзандаған. Осы аптада 21 млн адам тұратын Сычуань провинциясының орталығында коронавирустың қайта таралуына байланысты локдаун жариялағанын еске салайық. Кеше әлемдік нарықта 92 долларға сатылған Brent сұрыпты қара алтын бүгін 94 долларға саудаланып жатыр.

Америка мұнайының құны 89 доллардан жоғары. Енді инвесторлар алдағы уақытта өтетін G7 елдерінің кездесуін күтіп отыр. Бұл жиында Ресей мұнайының шекті бағасын белгілеу мәселесі талқылануы мүмкін.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу