Солтүстік Қазақстандық құтқарушылар өрт ошағы Әулиекөл ауданына аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстандық құтқарушылар өрт ошағы Әулиекөл ауданына аттанды

04.09.2022

Қостанай облысына көмек көрсетуден көрші аймақтар да шет қалып жатқан жоқ. Солтүстік Қазақстандық құтқарушылар өрт ошағы Әулиекөл ауданына аттанды. Қазір теріскейдегі тілшіміз Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста.

Аймақтан барған құтқарушылар кеше түннен бері Аманқарағай станциясында қызу жұмыс істеп жатыр. Олар бізге арнайы бейнежазбаны жолдаған еді. Соны көріп алсақ...

Жалпы Солтүстік Қазақстаннан 50-ден астам өрт сөндіруші мен 6 бірлік техника жіберілді. Құтқарушылардың айтуынша қатты жел мен судың тапшылығы жұмысқа біршама кедергі келтіруде. Десе де халықтың оларға ризашылығы шексіз.

Виталий Добровольский, Аманқарағай ауылының тұрғыны:
Өрт сөндірушілердің күшімен әкемнің үйі аман қалды. Менің баспанам жанып кетті. Петропавлдан келген құтқарушыларға рахмет. Жігіттер жақсы жұмыс істеді.

Сонымен қатар Әулиекөл ауданында Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласынан барған 150-дей құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу