Грузияда да алапат жалын дес бермей жатыр. Мұнда бірнеше орман өрті тіркелген. Жалынның күшеюіне аптап ыстық себеп. Боржоми өңіріндегі Ликани шипажайында бірнеше күннен бері тілсіз жауды бақылауға алу мүмкін болмай жатыр. Ал Кахетияда 10-ға жуық өрт ошағы тіркелді. Жалынды сөндіруге әскерилер жұмылдырылған. Таулы аймаққа арнайы техниканы жеткізу де қиынға соғуда. Сол себепті өртті сөндіруге тікұшақтар қолданылып жатыр.
Арай Төлегенқызы