«Опера Бастилия» театрында әдетте тек өз ұжымы ғана өнер көрсетеді. Мемлекеттік мекеме тұңғыш рет сахнасын шетелдік труппаға босатып берді.
Қазақстанның ең жас театрының ұжымы қалай өнер көрсететінін көруге келген халықтың қарасы мол. 2700 орындық залдың билеттері сатылымға түскен күні-ақ, өтіп кеткен.
Еуропалық көрерменнің назарына Джозеппе Вердидің «Аттила» операсының концерттік нұсқасы ұсынылды. Басты партияны Елдар Әбдіразақов, ал Одабелланы Жұпар Ғабдуллина орындады.
«Астана опера» театрының ұжымы енді Бельгияда өнер көрсетеді.
Нұрсұлу ҚАСЫМ