Эвакуациялық пунктке арнайы барып, жергілікті халықтың хал-жағдайын сұрады. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараны қабылдайтынын және әрбір тұрғынға тиісті көмек көрсетілетінін айтты. «Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі-екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы, жаңа үйлер салып береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент Әулиекөл ауылындағы гуманитарлық көмек тарату пунктінде зардап шеккен азаматтармен және еріктілермен кездесті. Волонтерлермен әңгімелесіп, оларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.