Қостанай облысы: Басаман және Бағаналы ауылының маңында тілсіз жау тағы күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы: Басаман және Бағаналы ауылының маңында тілсіз жау тағы күшейді

05.09.2022

Қостанай облысында өрт қаупі толық сейілмей тұр. Бүгін Басаман және Бағаналы ауылының маңында тілсіз жау тағы күшейді. Елдімекендерге қатер төнгендіктен тұрғындар эвакуацияланды. 

Бағаналы ауылындағы 370 адамның 250-і Қазанбасы ауылына эвакуцияланған. Абырой болғанда жел өрт жақтан емес, ашық жақтан соққандықтан елдімекенге қауіп едәуір сейілді. От ошағы бұл ауылдан шамамен 2-3 шақырым, ал Бағаналыға 1 шақырымдай жақындады. Өрт сөндірушілер мен еріктілер, жақын маңайдағы ауылдардың тұрғындары бел жазбай тілсіз жаумен каүресіп жүр.

Айтбай Таштауов, ауыл тұрғыны:
Қолымызда шоқ сөндіретініміз бар. Трактор су шашып жатыр. Көкте тікұшақ. Жел ғой өршітіп тұрған.

Абырай болғанда әзір өрттен зардап шегіп шығынға батқандар жоқ. Ел қиындыққа бір кісідей жұмылған. Бірі өртпен арпалысса, енді бірі оларға азық, су жеткізіп жүр.

Тұрғынбек Әбдібеков, Қазанбасы ауылдық округінің әкімі:
Қазір жағдай қиын... Көпшіліктің арқасында ауылды сақтап қаламыз.

Әзірге бұл тұста қанша аумақты от шалғаны белгісіз. Арнайы сала қызметкерлері мен барлық азаматтар жабылып оны әрі қарай өршітпеуге барын салып жатыр.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу